Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Иран Сирия мен бірлесе америкалықтарға қарсы күресуге дайын екендігін айтты
13:26 / 2019-12-25

Иран үкіметі АҚШ-тың Сириядан заңсыз ұрлап жатқан мұнайын тоқтату қажеттігін айтқан


Сирия үкіметіне өз жерінде заңсы әрекет жасап жүрген америкалықтарға қарсы Иран үкіметі күш біріктіруге дайын екендігін айтып, АҚШ-тың бұл аймақтың мұнайын ұрлауға тыйым салуға шақырған.

Бұл жөнінде Иранның жоғарғы жетекшісінің орынбасары Али Акбар Вилоятий «Біз, Сирия үкіметінің өтінішіне жауап ретінде қолдау көрсетуге дайынбыз, АҚШ-тың бұл қарақшылық әрекетін тоқтату қажет» деп мәлімдеген, ресейдің араб тіліндегі «RT Arabic» телеарнасына берген сұхбатында.

Ал, ел президенті Башар Асадтың сөздеріне қарағанда АҚШ Сириядағы заңсыз өндірілген мұнайды Түркияға сатуда. Өйткені мұнай артылған автомобильдерді жеке әскери компаниялар мен арнайы күштер күзетіп барады, деген.

Осыған дейін Түркия мен Ресей бірлесе жасаған «Бейбітшілік қайнары» әскери операциялары арқасында АҚШ-тың әскери базасы Сирияның солтүстік-шығысынан шығып кеткен болатын.