Иран ресми түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болды
Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекет болғаны ресми түрде жарияланды.
Бұл шешім Үндістанның төрағалығымен өткен ұйымның 23-ші саммитінде қабылданды.
Иран мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі атанды. 2022 жылдың қыркүйегінде Самарқандта өткен ШЫҰ саммитінде Иранның ұйымға қосылуы туралы меморандумға қол қойылған еді.
Еске сала кетсек, ШЫҰ 2001 жыл 15 маусымда Шанхайда құрылған. Алғашында ұйымға алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше болған болса, 2017 жылы олар қатарына Үндістан мен Пәкістан қосылды.