Иран мен Орталық Африка республикасына БҰҰ Бас ассамблеясында екі жыл бойы ұйымға жарна төлемегені үшін дауыс беруге тыйым салынды.
Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің Бас Ассамблеяның 75-ші сессиясының төрағасы Волкан Бозкирге жазған хатында айтылған болып, жарнаның мөлшері елдің жан басына шаққандағы кірісі ескерілген. 10 жылдық орташа ЖІӨ-мен және сыртқы қарыз бойынша есептегенде, Иранның БҰҰ-на 16 млн доллардан, ал ОАР 29 мың доллардан астам ақша төлеуі керек.
БҰҰ-ға мүше елдерден жалпы саны 5 мемлекет - Иран, ОАР, Комор аралдары, Сомали және Сан-Томе мен Принсипи- қарыздар. Алайда Иран мен ОАР-дан басқа барлық елдер дауыс беру құқығын Бас Ассамблеяның 75-ші сессиясының соңына дейін сақтап қалды.
Егер БҰҰ-ға мүше мемлекеттің қарызы соңғы 2 жыл ішінде төлеуге тиісті мөлшерге тең немесе одан асып кетсе, онда ол ел Бас Ассамблеяда дауыс беру құқығынан айырылатындығы көрсетілген.