Иран құлаған украиналық «Boeing» ұшағы үшін өтемақы төлейтін болды
Ресми Тегеран Украинаның халықаралық әуе компаниясына тиесілі «Boeing 737» жолаушылар ұшағының зымыранмен ұрып құлатқаны үшін өтемақы төлейтін болды
Ресми Тегеран Украинаның халықаралық әуе компаниясына тиесілі «Boeing 737» жолаушылар ұшағының зымыранмен ұрып құлатқаны үшін өтемақы төлейтін болды.
IRNA агенттігінің дерегінше «Иран ұшақ апаты үшін өтемақы төлеуге келісті, бірақ бұл мәселені жүзеге асыру біршама уақытты алады және техникалық заңды тұрғыдан әртүрлі аспектілері бар. Қазіргі уақытта Тегеран мен Киев арасында келіссөздер жүріп жатыр, болған жағдайға Иран жауапты», - деген Иран СІМ өкілі Аббас Мусави.
2019 жылдың соңы мен 2020 басында орыналған АҚШ мен Иран арасындағы қақтығыс салдарынан 8 қаңтар таңғы уақытта Тегеран әуежайынан Киевке ұшқан Украина әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы сол маңда апатқа ұшыраған болатын. Апат салдарынан Иран, Украина, Канада, Ұлыбритания, Германия, Швеция және Ауғанстан азаматтары болған 176 жолаушы құрбан болған еді.