Иран Интерполдан Трампты Сүлейманидің өлімі үшін қамауға алуды талап етті
Қасым Сүлейманиге қастандық жасауға дайындық жұмыстарына қатысқан отыз алты адам анықталған болып, оның ішінде АҚШ пен басқа елдердің саяси және әскери қайраткерлері бар
Иранның сот билігі Интерполдан АҚШ президенті Дональд Трампты Ислам революциялық күзет корпусының генералы Қасым Сүлейманидің өлімі үшін халықаралық іздеу тізіміне енгізуді талап етіп оны қолға алуын айтты.
Mehr агенттігі Тегеран прокуроры Али Мехрдің сөзіне сілтеме жасай отырып «Қасым Сүлейманиге қастандық жасауға дайындық жұмыстарына қатысқан отыз алты адам анықталған болып, оның ішінде АҚШ пен басқа елдердің саяси және әскери қайраткерлері бар», - деген хабар таратқан.
Прокурор Али Мехрдің сөзіне қарағанда сот оларды жауапкершілікке тарту және Интерпол арқылы іздеуді жариялауға шешім қабылдаған. Прокурордың айтуынша бұл адамдар «кісі өлтіру» және «терроризм» үшін айыпталуда, «тізімде АҚШ президенті Дональд Трамп та бар».