Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Иран генералы елдегі бейберекетсіздікке 20 елді айыптады
15:17 / 2023-06-20

Ислам революциясы Сақшылар корпусының барлау ұйымының басшысы, бригада генералы Мохаммад Козими елдегі бейберекетсіздікке 20 елді айыптады.

Ол бұл туралы «Jamaran» агенттігіне берген сұхбатында: 20-ға жуық елдің арнайы қызметтері Иранда 2022 жылдың күз-қыс айларында болған тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға белсене атсалысты, деген.

2022 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында Иранда жаппай наразылықтар мен хаос болды. Оқиға полиция тұтқындаған ирандық студент Махси Амини қайтыс болғаннан кейін күрт өзгерді. Билік Батыс елдері мен Израильді демонстрацияны қолдады деп айыптаған.