English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Иран француз көліктерін импорттауға тыйым салды
15:23 / 2022-11-18

Иран министрлігі француз көліктерін елге әкелуге тыйым салды.

Asbe-Bokhar ақпараттық сайтының хабарлауынша, бұл туралы бейсенбі күні Иранның Сауда, өнеркәсіп және кен министрлігінің ресми өкілі Омид Галибаф мәлімдеді. 

Оның айтуынша, министрлік Францияның «соңғы бірнеше жылдағы кәсіби емес әрекетіне» байланысты француз көліктерін әкелуге тыйым салған. Соңғы бірнеше айда француз көліктерін әкелуге бірде-бір лицензия берілген жоқ, деген О.Галибаф.

«Иран оларға [Францияға] Иранның автокөлік өнеркәсібі мен нарығына санкциялық қысым көрсетуіне жол бермейді», - деген ол.