Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Иран дзюдо федерациясының мүшелігінен 2023 жылдың қыркүйегіне дейін шеттетілді
12:59 / 2021-04-30

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Иран дзюдо федерациясын 2019 жылы Жапонияда өткен әлем чемпионатында болған оқиғаға байланысты төрт жылға дисквалификациялады.

IJF баспасөз қызметінің мәліметінше, Иранның дзюдо федерациясы 2019 жылдың күзінде Жапонияда өткен әлем чемпионатындағы оқиғаға байланысты ұйымның қамқорлығымен өтетін барлық турнирлерге қатысудан шеттеткен болатын. Осы әлем чемпионатында Иран билігі 81 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ирандық дзюдошы Саид Муллаиден израильдік Саги Мукимен кездесуі мүмкін болғандықтан жарыстан бас тартуын талап еткен. Егер олай жасамаған жағдайда спортшы мен оның отбасы мүшелеріне түрлі қауіп төнетіні айтылған.Бірақ Саид Муллаи бұл талапты орындаудан бас тартып, жарыстан кейін үйге оралуға қорқатынын айтты.

Спорттық арбитажды сот бұл мәселені қатты сынға алып, соңғы шешімді IJF қабылдауына өткізіді. Ал ұйым Иран дзюдо федерациясына екінші рет санкциялар қолданды.

«Иран дзюдо федерациясы бірнеше рет IJF жарғысы мен Олимпиаданың негізгі қағидаларын қатал түрде бұзғанын және бұл бұзушылықтарды спорттық арбитраж комиссиясы мойындағанын ескере отырып, оның Халықаралық дзюдо федерациясына мүшелігін уақытша алып тастау керек», - деп мәлімдемденген IJF сайтында.

Осылайша Иран дзюдо федерациясын 2023 жылдың 17 қыркүйегіне дейін барлық жарыстардан шеттетілді.