Иран АҚШ-тың Кувейттегі базасына соққы жасады
Ислам революциясы сақшылары корпусы АҚШ-тың Кувейттегі «Удайри» тікұшақ базасына қанатты зымырандар арқылы шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
Мәлімдемеде айтылғандай, соққы база аумағындағы тікұшақ алаңдарына, жанармай сақтау орындарына және командалық орталыққа бағытталған.
Иран өз кезегінде логистикалық нысандар мен инфрақұрылымды қамтитын 11 нысанаға соққы бергенін мәлімдеп отыр.