Иран алыс қашықтыққа ұшатын дрон жасағанын жариялады
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының командирі Хосейн Салами Иран армиясының қарамағында жеті мың шақырымды қонусыз ұшып өтуге қабілетті дрондар бар деп мәлімдеді.
The Defense Post басылымының хабарлауынша, бұл Иран үшін рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін елдегі ең ұзақ қашықтыққа ұшатын дрон «Газа» болған. Ол 2 мың шақырымға дейін тоқтаусыз ұшу қабілетіне ие еді.
«Бізде 7 мың шақырымға автономды түрде ұшып, сол жерге немесе басқа жерге қайта қоналатын дрондар бар», - деді генерал Хосейн Салами мемлекеттік теледидарға берген сұхбатында.