Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Иран АҚШ-ты Халықаралық сотқа берді
11:35 / 2020-07-05

Иран АҚШ-ты «экономикалық терроризм» және коронавирусқа қарсы қажетті медициналық дәрі-дәрмектер жеткізіліміне кедергі келтіруде деп айыптаған


Ресми Тегеран коронавирустық пандемия дәуірінде АҚШ санкцияларының Иран экономикасына қатты әсер етуіне байланысты халықаралық сотқа АҚШ үстінен арыз түсірген. Бұл туралы «Mehr» ақпарат агенттігі Иран вице-президенті Лая Джунайдиге сілтеме жасап хабарлады.

Онда Иран Америка Құрама Штаттарын «экономикалық терроризм» және Вашингтонның коронавируспен күресуге қажетті медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер жеткізіліміне кедергі келтіруде деп айыптаған.

Осы бойынша Халықаралық сотқа жіберілген арызда «Адам құқықтарына қайшы келетін және тым қатігездікке бой алдырған бұл санкцияларды ескере отырып, сот орындаушысы орынбасарының ұсынысы бойынша Халықаралық сотқа жаңа санкциялар коронавирустың жаңа түрімен туындаған аурудың таралуына әсер етуіне қатысты табысталады», - делінген Иран президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Лая Джунайдидің жазбасында.

АҚШ Иранмен арадағы жасалған ядролық келісімнен шыққаннан кейін Тегеранға қарсы санкцияларды қайта қалпына келтірді. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың президенттік кезінде 2015 жылы қол қойылған келісім Иранға өзінің ядролық бағдарламасын шектеу үшін санкциялардың көп бөлігін алып тастауды қарастырған болатын. Алайда билік басына Дональд Трамп келген кезде Вашингтон Тегеранды келісімді сақтамады деп айыптап, 2018 жылдың мамырында бұл келісімнен шығып кеткен болатын.