Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ирактың барлық аймағында коменданттық сағат енгізілді
09:45 / 2022-08-29

29 тамызда Ирак армиясының қолбасшылығы бүкіл елде коменданттық сағат жариялады.

NBC News дерегінше, бұл жағдай шерушілер Бағдадтағы үкімет ғимараттарының бірін басып алған соң болды.

«Ирак әскерлері шиеленісті әлсірету және ықтимал қақтығыстардың алдын алу мақсатында дүйсенбіден бастап елдің барлық губернаторлықтарында коменданттық сағат жариялады», - делінген хабарламада.

Бағдадтағы наразылықтар шиіттердің жетекшісі Муктада ас-Садрдың саясаттан кететінін жариялағаннан кейін басталған.

Наразылықтар кезінде ас-Садрдың жүздеген жақтастары Бағдадтағы «жасыл аймаққа» басып кірді. 

«Әл-Арабия» телеарнасы шерушілер Ирак үкіметінің штаб-пәтеріне де кіргенін хабарлады.