Иракта Telegram желісі бұғатталды
Ирак үкіметі елде Telegram мессенджеріне тыйым салынғанын хабарлады.
Бұл шешім «жоғары органдардың елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатысты нұсқауларын, сондай-ақ азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау мақсатында қабылданған, - делінген Ирактың Байланыс министрлігі 6 тамызда жарияланған мәлімдемеде.
Құжатқа сәйкес, Ирактың мемлекеттік органдары Telegram басқарушы компаниясына «ресми мемлекеттік органдардың ақпараты мен азаматтардың жеке ақпаратының таралуына жауапты платформаларды жабуда ынтымақтасуды» бірнеше рет сұраған. Алайда кеңсенің мәліметінше, компания бұл өтініштерді елемеген.
«Байланыс министрлігі мемлекет пен оның институттарының қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей, азаматтардың сөз және байланыс бостандығы құқықтарын құрметтейтінін тағы да растайды», - делінген хабарламада.