Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Иракта құмды дауылдан 5 мыңнан астам адам зардап шекті
09:25 / 2022-05-06

Иракта құмды дауылдан кейін 5 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгініп, бір адам қайтыс болды.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, табиғи апат Бағдадтан бөлек, Ән-Наджаф, Салах-ид-Дин, Анбар, Дияла және Ад-Девония провинцияларында байқалған.

«Осы уақытқа дейін Бағдадта құмды дауыл салдарынан бір адам қаза тауып, 5 мыңнан астам адамда тыныс алуға байланысты көңілсіз жағдай тіркелді», - деген министрлік өкілі Сайф әл-Бадр.

Қазіргі кезде дәрігерлер тұрғындарға тыныс алу жолдары бұзылған кезде медициналық көмекке жүгінуге кеңес беруде.