IQ деңгейі ең жоғары елдер белгілі болды
«International IQ Test» ұйымы жариялаған жаңа рейтингте 137 ел мен аумақ халқының орташа интеллект деңгейі бағаланды. 2026 жылдың басына дейін жүргізілген зерттеу аясында 1,2 миллионнан астам қатысушының стандартты IQ тесті нәтижелері талданған.
Рейтинг қорытындысына сәйкес, ең жоғары IQ көрсеткіші Оңтүстік Кореяда тіркелді — 106,97 балл. Екінші орынды 106,48 баллмен Қытай, үшінші орынды Жапония (106,3 балл) иеленді. Алғашқы бестікке сондай-ақ Иран (104,8 балл) мен Аустралия (104,45 балл) енді.
Ресей 103,78 баллмен 6-орынға тұрақтаған. Одан кейін Сингапур, Моңғолия, Жаңа Зеландия және Вьетнам көрсетілген. АҚШ 101,04 көрсеткішпен 18-орыннан көрінді. Тізімнің ең төменгі сатысында Африка елдері орналасқан, соңғы орын — Сомалиге тиесілі.