Иорданиядағы әскери базада күшті жарылыстар болды
Иордания армиясының Аз-Зарка қаласынан 10 шақырымды қашықтағы шөлді аймақта орналасқан әскери оқ-дәрі қоймасында күшті жарылыстар болды
Иордания армиясының Аз-Зарка қаласынан 10 шақырымды қашықтағы шөлді аймақта орналасқан әскери оқ-дәрі қоймасында күшті жарылыстар болды.
Иорданияның ақпарат министрі Амджад Адалияның айтуынша жарылыс қысқа тұйықталу салдарынан туындаған. «Petra» агенттігі келтірген Министрінің сөзіне қарағанда, жарылыс Иордания армиясына тиесілі жарамдылық мерзімі өткен оқ-дәрі сақталған қоймада шыққан болып, оның салдарынан ешқандай жарақат тіркелмеген.
Ал, «Reuters» таратқан хабарға сай, жарылыстың күшті болғаны соншалық оның елдің оңтүстік-батысында 35 км жерде орналасқан ел астанасы Амманнан да көруге болатындығы айтылып, оның нәтижесінде 2 кісі қаза болып, 3 азамат жарақат алған. Жарылыс орын алған осы шөлді аймақта АҚШ тарапынан жабдықталған әскери базалар да бар екендігі айтылған. Қазірде бұл маңға келер жолдың бәрі жабылып, қала арқылы жарылыс болған жерге баруға тырысқан журналистерге тәртіп сақшылары рұқсат бермеген.