Иордания корольі парламенттің төменгі палатасын таратып жіберді
Иордания корольі Абдалла ІІ елдің Өкілдер палатасын (парламенттің төменгі палатасы) таратып жіберді.
Бұған дейін Абдулла ІІ елде парламент сайлауын (10 қыркүйекте өтеді) өткізуді бұйырған болатын.
Еске салар болсақ, Иордания парламенті екі палаталы. Өкілдер (төменгі) палатасына сайлау төрт жыл сайын өткізіледі. Сенат (жоғарғы палата) мүшелерін корольдің өзі тағайындайды.