Иордания Королі мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн 25 тамыз күні мемлекеттік сапармен елімізге келді.
Самарқанд қаласының әуежайында Иордания Королін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.


Жоғары мәртебелі қонақ құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрмет қарауылы сап түзеді.
Ұлттық әндер мен билерден тұратын салтанатты рәсім өтті.


Сапардың негізгі шаралары ертеңге жоспарланған. Бүгін Мемлекет басшылары бірге көне Самарқандтың тарихи ескерткіштерін зиярат етеді.




