Қылмыстық кодекске енгізілген өзгеріске сәйкес Өзбекстан Президентін телекоммуникация желілері немесе интернетті пайдаланып оның атына қорлық сөздер айтып немесе жала жабу 3 жылға дейін түзеу жұмыстарына , 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Кодекске қоғамдық тәртіпті және азаматтарға зорлық-зомбылықты жария түрде қозғағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді.
Оған сәйкес, кінәлілер ЕТЖ-ның 100-ден 300 еселенген мөлшерінде айыппұлмен немесе 2 жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жегілу әлде 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеумен немесе 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұл әрекеттерді бір топ азаматтар алдын ала сөз байласу арқылы немесе БАҚ, телекоммуникациялық желілері, Интернетті, сондай-ақ баспа немесе мәтінді көшірудің басқа құралдарын пайдалану арқылы жасаған болса, ЕТЖ-ның 300-ден 400 есеге дейін айыппұл салу яки 2 жылдан 3 жылға дейін түзеу жұмыстарына немесе 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Атаулы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.