«Интер» клубы Италия кубогының жеңімпазы атанды
Миланның «Интер» клубы қатарынан екінші рет Италия кубогының жеңімпазы атанды.
Римдегі Олимпиада стадионында өткен финалда миландық команда «Фиорентина» клубын 2:1 есебімен жеңді.
Осылайша «Интер» қатарынан екінші рет Италия кубогын жеңіп алды. Жалпы кубок тарихында «Интер» Италия кубогын тоғызыншы рет жеңіп алды және «Рома» клубымен екінші орында тұр. Бүгінге дейін рекорд «Ювентус» клубына тиісті, 14 рет жеңіске жеткен.