Индонезияның Өзбекстандағы жаңа елшісі тағайындалды
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Индонезияның жаңадан тағайындалған елшісі Сити Руҳаини Жуһаятиннің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдап алды.
Бұл туралы министр Telegram-арнасында хабарлады.
«Саяси диалогтан бастап экономикалық дипломатияға дейінгі барлық салаларда екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын ризашылықпен атап өттік. Шүбәсіз, елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін көптеген салаларда кең мүмкіндіктер бар», — деп жазды Бахтиёр Саидов.
Министр елшінің мол тәжірибесі жоғары бағаланатынын айтып, Өзбекстандағы қызметіне сәттілік тілеген.