English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Индонезияның вице-президенті Өзбекстанға сапармен келді
16:11 / 2023-06-13

12 маусым күні Индонезияның вице-президенті Мааруф Амин Өзбекстанға сапармен келді.

Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Премьер-министрдің орынбасары Жамшид Ходжаев, Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Бахром Алоев және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Индонезия делегациясының құрамында жүзге жуық министрліктер, ведомстволар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер бар. Бес күндік сапар барысында Индонезия делегациясы Өзбекстанның үкіметімен, министрліктері және ведомстволарымен екіжақты кездесулер мен келіссөздер өткізеді, онда екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар, Индонезия делегациясы Самарқанд қаласына барып, «Silk Road Samarkand» туристік кешенімен танысады, облыс және қала басшыларымен келіссөздер жүргізеді.