Индонезияның 240 қаласында хабар тарататын әйгілі SCTV телеарнасы Өзбекстандағы зиярат туризмі туралы бағдарламалы хабар көрсетті.
Бағдарламада 2023 жылдың 26 сәуірінен бастап «Uzbekistan Airways» компаниясының ашатын Ташкент-Джакарта-Ташкент бағыты бойынша, Өзбекстанның зиярат туризмінің әлеуеті, индонезиялық саяхатшылар үшін 30 күндік визасыз режим туралы ақпарат берілген.
Онда айтылуынша, Өзбекстанның зиярат туризмінің әлеуеті Түркияның туризм секторымен бәсекеге түсе алады және индонезиялықтар үшін жаңа балама және бірегей бағыт ретінде қарастырылуда.
Surya Citra Televisi (SCTV) 160 миллион теледидар аудиториясы бар Индонезияның 240 қаласында хабар таратады. Сондай-ақ елдің Indosiar, Moji, Ajwa, Mentari телеарналарына иелік етеді.
2023 жылдың 26 сәуірінде Джакарта-Ташкент бағыты бойынша алғашқы рейс арқылы SCTV тілшілері Өзбекстанға 7 күнге келіп, Ташкент, Самарқанд, Бұхара сияқты көне қалалардағы қажылық туризмінің әлеуеті туралы телебағдарламалар дайындауды жоспарлап отыр.