Индонезияның цифрлық жаңалықтар арнасы «Berita Satu» «Өзбекстан Конституциясы азаматтардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді» атты мақала жариялады.
Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, басылым Өзбекстан Конституциясы 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін көп ұзамай, 1992 жылы қабылданғаны және қазіргі таңда Өзбекстан үкіметі үлкен реформалар жүргізді және жүргізіп жатыр. Бұл реформада әлемдік өркениеттің оң жетістіктері, критерийлері, сондай-ақ халықаралық құқық талаптары ескерілген болып, 2022 жылдың 20 маусымында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Конституциялық комиссия мүшелерімен кездескені туралы баяндаған.
Мақалада Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын қабылдағаны баса айтылған.
Өзбекстан үкіметі осы даму стратегиясында көрсетілген міндеттерді орындау және халықты шын құрметтейтін әділетті мемлекет құру үшін конституциялық база мен нығайтылған заңнамалық база қажет деп санайды, деп жазады басылым.
«Бұл ретте Конституцияны қоғамның қазіргі заманғы шындықтарымен үйлестіру, Президент басшылығымен жүргізіліп жатқан дәйекті реформалардың мәні басым бағыт болып табылады» деген ИНдонезиялық БАҚ.
Еске сала кетсек, «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңы жобасының қоғамдық талқылауы 2022 жылдың 25 маусым айынан бастап 5 шілде аралығында өтеді.