English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Индонезиядағы жер сілкінісі салдарынан үш адам қаза тапты
10:01 / 2021-01-15

Индонезияның Батыс Сулавеси провинциясында 6,2 магнитаудалы зілзала тіркеліп, оның салдарнан үш адам қаза тапты.

Елдің апаттарды жою жөніндегі ұлттық агенттігінің мәліметінше, аймақтағы «Малео», қонақ үйі мен Батыс Сулавеси губернаторы кеңсесі зақымданған.

Бұдан бөлек, жер сілкінісі Мамуджуде 62 үй, медициналық орталық және әскери кеңсеге әсер еткен болса, үш жердегі көшкі салдары Мамуджуды Маженемен байланыстыратын негізгі жолды жауып қойған.

Жер сілкінісі күшті болған және оның ұзақтығы 7 секундқа дейін жалғасқан. Оның эпицентрі 10 км тереңдікте байқалып, сілкініс дүмпулері цунамиге алып келген жоқ. Бірақ табиғи апаттан 3 кісі қаза болып, 24 азамат жарақат алған