Индонезиядағы зауытта жарылыс болып, 13 адам қаза тапты
Индонезияның Сулавеси аралындағы никель өңдейтін зауытта болған жарылыс салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тапты.
Deutsche Welle дерегінше, жарылыс балқыту пешін жөндеу кезінде болған. Оның салдарынан тағыда 38 адам жараланған.
Алдын ала мәлімет бойынша, сұйықтық пештің төменгі бөлігіне түсіп, жарылысқа себеп болған. Қаза тапқандардың арасында бес Қытай азаматының бар екені айтылады.
Қытай Сулавесидегі никельді өңдеуге көп инвестиция салуда. Қытайдың Tsingshan конгломераты - апатқа иелік ететін Индонезияның ITSS компаниясының ең ірі акционері. Никель, басқалармен қатар, электромобильдерге арналған аккумуляторлар жасау үшін қолданылады.