Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Индонезиядағы ең үлкен Семеру жанартауы атқылады
09:54 / 2022-12-05

Индонезиядағы архипелагтың ең көп қоныстанған аралында орналасқан ең үлкен Семеру жанартауы қайтадан оянды.

Associated Press-тің хабарлауынша, жексенбі күні Ява аралындағы 3676 метрлік жанартау атқылап, лава ағындарын шығарды.

Атқылаудың басталуының алдында муссондық жаңбыр жауып, Семеру лавасы жақын жерде ағып жатқан өзенге құйған.

жанартаудан шыққан күл бағандары 1500 мерт биіктікке жетіп, жақын маңдағы бірнеше ауылды жанартау күлі астында қалған. Қазірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Жүздеген тұрғын уақытша баспаналарға көшірілген.

Семеру жанартауы соңғы 200 жылда үнемі атқылап келеді, дегенмен Индонезиядағы басқа 129 белсенді жанартаулар сияқты адамдар жақын жерде өмір сүруді жалғастыруда. Осыдан тура бір жыл бұрын жанартау атқылап, оның салдарынан 51 адам қаза тапқан болатын.