Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Индонезияда жоғалып кеткен сүңгуір қайықта оттегі таусылуы мүмкін
09:08 / 2021-04-24

21 сәуірде Бали теңізінде жоғалып кеткен «KRI Nanggala-402» сүңгуір қайығында үш күнге есептелген оттегі таусылуы мүмкін.

Channel News Asia басылымының мәліметтеріне қарағанда, ел үкіметі басты назарды бүлінген кемені Бали жағалауындағы судан шығарып алуға бағыттаған. Қазіргі кезде құтқарушылар электромагниттік сәулеленуді 50-100 метр тереңдікте де байқап, оның көзі жоғалып кеткен сүңгуір қайық болуы мүмкін, деген болжам айтуда.

Бұдан бөлек шетелдік ұшақтар мен кемелер, сондай-ақ радиация көзін құруға көмектесетін арнайы қондырғылармен жабдықталған кеме келеді деп күтілуде.

Алдын ала болжам бойынша, жоғалған сүңгуір қайық Балидің солтүстік жағалауынан шамамен 90 км қашықтықта орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, экипаж құрамында 53 адам болды дизельдік сүңгуір қайық 21 сәуірде Ява мен Бали аралдары арасында орналасқан әскери жаттығулар кезінде жоғалып кеткен болатын. Капитан қайықты суға батыруға рұқсат сұрады, содан кейін сүңгуір қайықпен байланыс үзілді.