Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Индонезияда тікұшақ апатынан үш адам қаза тапты
11:00 / 2024-02-22

Индонезияның шығысындағы Солтүстік Малуку провинциясында тікұшақ апатынан үш адам қаза тапты.

Провинцияның іздеу-құтқару департаментінің басшысы Фатур Рахманнның айтуынша, PT Weda Bay Nickel басқаратын тікұшақтың сынықтарын құтқарушылар сәрсенбі күні Халмахера-Тенгах ауданындағы орманнан тапқан.

Bell 429 PK-WSW тікұшағы бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша 13:16-да Халмахера-Тенгах ауданындағы орманның үстінен ұшып бара жатқанда байланысын үзген.

Ф.Рахманның айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстарына 300 адамнан тұратын іздеу-құтқару бөлімінің жеке құрамы, сарбаздар мен полицейлер жұмылдырылған.