Индонезияда су тасқыны салдарынан 20 адам қаза тапты
Индонезияның Шығысындағы Нуса-Тенгара провинциясында болған көшкіндер мен су тасқыны салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты, тоғыз адам жарақат алып, бес адам хабар-ошарсыз кеткен
Синьхуа жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, көктемгі жаңбырдың нәтиесінде пайда болған көшкін мен су тасқыны тағыда көптеген үйлерді қиратып 20-дан астам адам өліміне себеп болған. Қазіргі кезде жраланғандар ауруханаға жатқызылған және іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Билік Аче, Суматра және Орталық Ява провинцияларында, сондай-ақ ел астанасы Джакарта мен Джокьякартада қатты нөсер төгеді деп ескерткен.