Индонезияда қираған мектеп астынан табылған қаза тапқандар саны 52-ге жетті
Индонезияның Сидоарджо қаласындағы құлаған медресе-интернаттың қирандысы астында қаза тапқандар саны 52-ге жетті.
Detik порталының хабарлауынша, көпқабатты діни интернат ғимараты өткен дүйсенбі күні, шәкірттер күндізгі намазға жиналып жатқан сәтте құлаған.
«Құқық қорғау органдары қызметкерлері Шығыс Явадағы Сидоарджодағы «Әл-Хозини» исламдық мектеп-интернатының қирандылары астынан тағы жеті адамның денесін алып шықты. Осылайша, қаза тапқандардың жалпы саны 52 адамға жетті», – деп жазады басылым.
Ұлттық іздестіру-құтқару агенттігінің операциялар жөніндегі директоры Юдхи Брамантйоның айтуынша, қиранды астында қалған барлық зардап шеккендер эвакуацияланған.