English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Индонезияда пластикалық қалдықтардан жасалған мұражай ашылды
16:51 / 2021-10-05

Индонезиялық экологтар пластик қалдықтардан ашық аспан астында мұражай салды. Атаулы музей Гресик қаласында орналасқан болып, ол 3 ай ішінде бой көтерді.

Reuters-тің дерегінше, ерекше музейдің құрылысына пластик бөтелке, пакет пен сабандарды қоса алғанда, 10 мыңнан астам пластикалық қалдықтар пайдаланылған. Пластикалық қалдықтар ластанған өзендер мен жағажайлардан жинап алынған.

Экологтардың мұражайды құрудағы мақсаты - адамдарды өз әдетін өзгертуге және бір реттік пакеттер мен бөтелкелерді пайдалануды тоқтатуға шақыру.

«Біз адамдарға бір реттік пластиктен пайдаланудан бас тарту туралы айтқымыз келеді. Бұл пластмассаларды қайта өңдеу өте қиын. Бүгіннен бастап біз бір реттік пластмассаны қолдануды доғаруымыз керек, себебі олар біздің қорек көзі болып табылатын мұхиттарымызды ластауда», - дейді ерекше мұражай негізін қалаушы Приги Арисанди.

Бүгінгі таңда пластмасса мәселесі Индонезияда өте өзекті мәселеге айналған. Теңізге құлаған пластик мөлшері бойынша бұл ел Қытайдан кейін екінші орында тұр. Статистика бойынша Филиппин және Вьетнамдағы пластикалық қалдықтар әлемдік пластикалық қалдықтардың жартысынан астамын құрайды екен.