Индонезияда автобус жардан құлап, 20-дан астам адам қайтыс болды
Индонезияның батысындағы Сумеданг қаласында мектеп оқушылары бар автобус жардан құлап, 20-дан астам адам қаза тапты.
Jakarta Globe газетінің мәліметінше, автобус ішінде мектеп мұғалімдері, оқушылар және олардың ата-аналары жалпы 58 кісі болған. Олар Тасикмалая зиярат мекенінен көрші Субанг ауданына бет алған болып, апат орнында 22 мәйіт табылған.
Хабарларға қарағанда көрші ауылдың тұрғындары зардап шеккендерді эвакуациялауға көмектескен.