Индонезия үш жылдық тыйымнан кейін Boeing 737 MAX ұшағына ұшуға рұқсат берді
Индонезияның Көлік министрлігі үш жыл бұрын Lion Air әуе компаниясына тиесілі лайнер апатынан кейін Boeing 737 MAX ұшағының ұшуына салынған тыйымды алып тастады.
ВВС-дің хабарлауынша, 2022 жылдың алғашқы дүйсенбісінен бастап Ethiopian Airlines әуе компаниясы 737 MAX рейсін қайта бастайды.
Lion Air ұшағы 2018 жылы 29 қазанда ұшқаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырап, борттағы 189 адам қаза тапты.
2019 жылдың 11 наурызында Ethiopian Airlines компаниясына тиесілі дәл осындай үлгідегі ұшақ апатқа ұшырады. Екі апат салдарынан жалпы 336 адам қаза тапқан.
Содан бері бүкіл әлем бойынша 737 MAX ұшағын пайдалану тоқтатылған болатын. Осы жағдайдан кейін Индонезияның ең ірі Garuda әуе компаниясы өз паркіне 737 MAX ұшағын қабылдамайтынын мәлімдеген.