Индонезия Қытайдың COVID-19 вакцинасының сынақ мерзімін ұзартты
Индонезияның Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы қытайлық Sinovac компаниясының COVID-19 вакцинасын сынақ мерзімін кем дегенде үш айға ұзартуға шешім қабылдаған.
«Jakarta Post» басылымының мәліметіне сай, Батыс Ява провинциясының губернаторы Ридван Камилдің айтуынша, бұған дейін еріктілердің вакциналық сынақтары мен қан анализі желтоқсан айында аяқталады деп күтілсе, енді вакцинацияланған антиденелердің деңгейін анықтайтын тағы бір сынақ келесі жылдың наурыз айында өткізіледі.
Индонезияның мемлекеттік фармацевтикалық «Bio Farma» компаниясы жергілікті реттеушіден қаңтар айының соңында төтенше жағдай кезінде «Sinovac» вакцинасын қолдануға рұқсат береді деп күткен еді.