Индонезия әлемде бірінші болып Novavax вакцинасын қолдануға рұқсат берді
Индонезия әлемде бірінші болып Novavax және оның серіктесі Serum Institute of India компанясы әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны пайдалануға рұқсат берді.
Reuters-тің хабарлауынша, Индонезия атаулы вакцинаны тіркеу үшін Канада және Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігіне жүгінген.
Индонезияға арналған вакцина Serum Institute шығарады және Covovax компаниясының сауда белгісімен сатылады. Ел билігі жыл соңына дейін 20 миллион доза вакцина алуды жоспарлаған.
Қазірде Novavax вакцинасын Ұлыбритания, Австралия, Үндістанджәне Филиппинде де мақұлданады деп күтілуде.
Ол Serum Institute COVAX бағдарламасы бойынша 1,1 миллиард дозадан астам вакцинаны жеткізуге міндетін алған.