Индонезия коронавирусқа қарсы күрестің ең тиімді әдісін қолданбақ
«COVID-19» коронавирусы жайлы соңғы ақпарат бойынша аурулар саны 95416-ға жетті
Жер бетіндегі дерлік барлық коронавирус тараған елдер аумағында осы індетті жұқтырғандарды емдеу шарасы дерлік бірдей көріністе, ал Индонезия өзгеше әдіс қолданбақ.
Олар коронавируспен ауырған жандарды жан баласы жасамайтын Галанг аралына орналастыруды жоспарлауда. «Jakarta Post» газетасының таратқан ақпаратында, атаулы арал 1979-1996 жылдар аралығында Вьетнамнан келген қашқындар үшін лагер ретінде пайланылған болып, онда медициналық орталық сақталған. Ол жерде шамамен мыңға жуық науқасқа қызмет көрсету мүмкнідігі бар.
«COVID-19» коронавирусы жайлы соңғы ақпарат бойынша Индонезияда індетке байланысты екі жағдай тіркелген. Бүкіл әлемде олар саны 95416-ға жетті, ал 3286 жан мерт болған.