Индиан Уэллс «Мастер» турнирінің жеңімпаздары анықталды
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласы өткен «Мастерс» сериясының жұптық турнирінің жеңімпаздары анықталды.
1 сағат 54 минутқа созылған финалдық кездесуде нидерландтық Уэсли Коольхоф пен хорватиялық Никола Мектич испаниялық Марсель Гранолерс пен аргентиналық Орасио Себаллосты тай-брейкте 7/6(2), 7/6(4) есебімен жеңді.
Осылайша Коольхоф жұптық мансабындағы өзінің 19-шы, ал Мектич болса 28-ші жүлдесін жеңіп алды. Чемпиондар 1000 рейтингтік ұпай мен 447 300 доллар сыйақыға ие болды. Гранолерс пен Себаллос 600 ұпай және 236 800 доллар сыйақы алды.