Index of Economic Freedom 2021 жылғы Өзбекстандағы сот реформасын жоғары бағалады
Heritage Foundation жүргізетін экономикалық еркіндік индексінде Сот жүйесі тиімділігінің индикаторына сәйкес Өзбекстандағы реформалар жоғары бағаланып 2021 жылы 52 сатыға көтерілген.
2020 жылы Өзбекстандағы Сот қызметі тиімділігінің көрсеткіші 34,2 ұпаймен 126-шы орынды иеленсе, 2021 жылы 50,8 ұпаймен 74-ші орынға жоғарылаған.
Сот жүйесінің тиімділігін бағалау әдістемесі елдегі сот ісін жүргізудің сапасына, сот жүйесінің тәуелсіздігіне және сот шешімдерінің басымдығына негізделген.