French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Індет жұқтырған тағы 19 кісі тіркелді, олардың 15 шетелден келгендер
10:41 / 2020-05-29

Республикадағы ауруханаларда 755 науқас індетпен күресуде, олар арасында 6 азаматтың жағдайы ауыр, біреуі өте ауыр хәлде


Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша бүгін тағы 19 азаматтан Covid-19 індеті анықталған. Олардың 15 шетелден келіп карантиндік бақылауда жатқандардан шыққан.

29 мамыр күнгі таңғы ақпаратқа сай коронавирус анықталған жандардың 2 Ташкент қаласынан, тағы екісі Сырдария облысынан болып олар халықаралық жүк тасу көлігінің жүргізушілері болған. Сонымен қатар карантиндік бақылау аймағында болған 15 азаматтың 13-і арнайы чартерлік рейстер арқылы шетелден келгендер болса, екеуі вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар.

Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы вирус жұқтырғандардың саны 3463 кісіге жетіп, олар арасында аурудан сауыққан жандар қатары 2694 құрауда. Ал бүгінге дейін 14 жан індеттен көз жұмған.

Республикадағы ауруханаларда 755 науқас індетпен күресуде, олар арасында 6 азаматтың жағдайы ауыр, біреуі өте ауыр хәлде.