Індет жұқтырған тағы 16 кісі анықталды
Бүгінге дейін жалпы ел аумағында осы індетке байланысты 371 мыңнан астам тест сынақтары алынған
Өзбекстанда 8 мамыр күнгі таңғы мәліметтер бойынша елде тағыда коронавирус жұқтырғандық 16 жағдай тіркелген.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына сай таңғы сағат 10:00 уақытымен республикадағы жалпы індет расталған жағдай бүгінге дейін 2314 кісі тіркелгені айтылады. Ал аурудан сауыққан азаматтар қатары 1656-ға жетіп, 10 кісі көз жұмған.
Бүгінге дейін жалпы ел аумағында осы індетке байланысты 371 мыңнан астам тест сынақтары алынған. Қазірде республика ауруханаларында қалған науқастар саны 648-ді құрауда. Олардан 9 науқастың жағдайы ауыр.