Індет жұқтырған тағы 11 кісі анықталды
Қазіргі уақытта ел аумағындағы жалпы осы індеттен сауыққандар қатары 1319 кісіге жетіп, 10 кісі көз жұмған
Өзбекстанда 4 мамыр күнгі таңғы мәліметтер бойынша елде тағыда коронавирус жұқтырғандық 11 жағдай тіркелген.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарына сай таңғы сағат 10:00 уақытымен ел аумағында 11 вирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп, жалпы науқастар саны 2160 кісіге жетті.
Қазіргі уақытта ел аумағындағы жалпы осы індеттен сауыққандар қатары 1319 кісіге жетіп, 10 кісі көз жұмған.
Алғашқы вирустың дерегі ел аумағында 15 наурызда Ташкентте тіркелді. Соңғы күнгі деректерге сай вирус жұқтырғандарға қарағанда індеттен сауыққандық жағдайы көп тіркелуде. Дәл қазір республика ауруханаларында 831 науқас вирустан емделуде.