Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ильхам Әлиев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді
13:52 / 2022-06-21

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев 21 маусымда Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді.

Ташкент халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Сапардың маңызды шаралары бүгін өтуі жоспарланған. Жоғары деңгейдегі келіссөздерде Өзбекстан мен Әзірбайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту және көп қырлы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады. Нәтижесінде өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика, ғылым және инновациялар, туризм және басқа да салалар бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Ертең Хиуа қаласындағы тарихи ескерткіштерді аралау жоспарлануда.