SpaceX компаниясының Ай мен Марсқа ұшуға арналған Starship SN15 прототиптік ғарыш кемесі ұшу сынақтары кезінде жерге сәтті қонды.
Техастағы Бока-Чика ғарыш айлағында өткен ұшу сынақтары кезінде SN15 атты жұлдыз кеме 10 шақырым биіктікте көтетірліп, әуедегі 6 минуттық қалықтаудан кейін жерге жайлы қонған.
SN15 – прототипті ғарыштық кеменің бұл ең алғашқы сәтті қонған нұсқасы. Бұған дейінгі барлық сынақтарда кеме әуеге сәтті көтерілген болса да, қонар кезде құрылғыда ақау шығып жарылып кетіп жатты.
Осы ең кейінгі сынақ кезінде де, ғарыш кемесі жерге қонғаннан кейін оның түбінде кішкене өрт шықты, бірақ бірнеше минут ішінде жалын сөнді.
<iframe width="763" height="429" src="https://www.youtube.com/embed/pmRrnyDssZc" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>жоба жетекшісі Илон Маск твиттерде «Керемет қону Starship» -деп жазып, барлығы жоспар бойынша орындалғанын мәлімдеді.
Маск өткен жылдың желтоқсан айының басында бұл ракета Марсқа адамдарды 2026 жылға дейін тасымалдай алады, деп айтты. Бір ғарыш кемесі Марсқа шамамен 100 адамды жеткізуі мүмкін.