French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Илон Маск Венесуэла президентінің шақыруын қабылдады
10:38 / 2024-08-03

Америкалық кәсіпкер Илон Маск әлеуметтік желі арқылы Венесуэла президенті Николас Мадуроның жекпе-жекке шақыруын қабылдады.

«Қабылдаймын. Мен жеңсем, ол отставкаға кетеді. Егер ол жеңсе, мен оған Марсқа тегін жолдама беремін», - деп түсіндірген миллиардер әлеуметтік желідегі жазбасында.

Бұған дейін Мадуро Маскты Венесуэланың «ең қас жауларының» қатарына қосып, сайлауға шетелдік күштердің араласқанын айтқан болатын. Венесуэла ұлттық теледидары арқылы ол былай деген:

- Ұрысқың келе ме? Кел, Илон Маск! Мен сенен қорықпаймын.

Еске сала кетейік, Венесуэлада өткен президенттік сайлауда Николас Мадуро жеңіске жетті деп қорытынды шағарды елдің  Ұлттық сайлау кеңесі. Бірақ оппозиция бұл шешіммен келіспейтінін мәлімдеген. Осы жағдайдан кейін елде жаппай тәртіпсіздіктер орын алуда.