Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Илон Маск маймылдың миына чип орантқанын мәлімдеді
00:08 / 2021-02-02

Американдық өнертапқыш және ірі кәсіпкер Илон Маск өзінің жаңа жобасы «Neuralink» арқылы маймылдың миына чип орнатқанын мәлімдеді.

Bloomberg агенттгінің хабарында, SpaceX пен Tesla комапнияларының негізін қалаушы миллиардер маймылдың бас сүйегінің ішіне имплант арқылы ой күшімен бейнеойындар ойнауға мүмкіндік беретін чип орнатқанын айтады. 

Масктың сөзіне қарағанда чип маймылға ешқандай зиян келтірмейтін етіп тері ішіне орнатылған. Ол жақын арада миына чип қойылған маймылдар бейнеленген таспаларды көпшілікке көрсетуге уәде берген.

2019 жылдың шілдесінде «Neuralink» жобасы бойынша мамандар шошқалардың миына чип салғанын айтқан. Ғалымдар чиптің көмегімен сымсыз байланыс арқылы шошқа миындағы сезімдік орталықтардың белсенділігін бақылаған.

Өткен жылғы презентация кезінде Илон Маск болашақта бұл құрылғы адам миына орнатылған соң ол адам сал, немесе көзі көрмейтін болса осы қасиеттері қайта жанданып сау қалпына келеді, деген. «Бұл түрдегі микро чиптер адам бас сүйегі астына қойылатын болып, ол мимен элетродтар арқылы әрекеттеседі. Соның нәтижесінде мидағы кез-келген мәселені шеше алады. Егер сіз ауру болсаңыз, көзіңіз көрмейтін, құлағыңыз естімейтін, аяқ қолыңыз істемейтін болса, бұл чип осы қасиеттердің барлығын өз қалпына келтіреді. Келешекте бұл жұмыстың дамуына қарай адамдар бір-бірімен сөз айтпай-ақ тілдесуі мүмкін», деген болатын.