Илон Маск Марсқа және Айға ұшатын қалқымалы ғарыш айлағын құрмақ
Масктың айтуынша бұл қалқымалы ғарыш айлағы (космопорттар) адамдар тұратын ортадан алыс, жағалаудан бірнеше шақырым қашықтықта орналасады
SpaceX және Tesla компаниясының негізін қалаушы американдық өнертапқыш Илон Маск болашақта Жер айналасындағы гиперсониялық саяхаттарға арналған көшпелі космопрттар құруды жоспарлағанын айтты.
Бұл жайында ол өзінің «Twitter» парақшасында қалдырған жазбасында, компания осы порттарды құрушы мамандар бойынша қабылдауды бастаған. Ал адамдар болашақта осы порттар арқылы «Starship» ғарыш кемесімен Жерді, сондай-ақ Ай мен Марсты аралайтын болады.
Масктың айтуынша бұл қалқымалы ғарыш айлағы (космопорттар) адамдар тұратын ортадан алыс, жағалаудан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан болып, ғарышқа ұшқысы келетін адамдар онда арнайы кемелермен тасымалданбақ.
Бұл процес жоспар бойынша 2-3 жылдың айналасында жүзеге асады. Оған дейін бұл ұшулар қаншама тесттік сынақтардан өтіп, толық қауіпсіздік қамтамасыз етілген соң комерциялық бағытқа жол ашылады. Сонымен қатар Илон Маск жер шарының өзінде адамдарды жылдам жеткізуде құрлық аралық рейстер ашу жоспардың бір бөлігі екенін айтқан.