Илон Маск «Манчестер Юнайтед» клубын сатып алуы мүмкін
Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы өнертапқыш Илон Маск АПЛ-дің «Манчестер Юнайтед» клубын сатып алуы мүмкін.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, бизнесмен қазіргі уақытта Юнайтедті сатуға қатысты жағдайды зерттеп жатыр.
Клуб иелерінің, Глейзерлер отбасының клубты сату жөніндегі бастапқы ұсыныстары 17 ақпанда қаралады деп күтілуде. Америкалық бизнесмендер «МЮ» сатылымын шамамен 6-7 миллиард АҚШ долларына бағалаған.
Еске сала кетейік, Маск 2022 жылдың тамызында «Манчестер Юнайтедті» сатып алу туралы айтып, кейін оны әзілге балаған болатын.