Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Илон Маск бір сағатта 2,3 млрд доллар, ал Жефф Безос 15 минутта 13 млрд доллар пайда тапты
17:35 / 2020-01-31

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша Tesla және Amazon жетекшілері қомақты қаржы тапқан


Bloomberg агенттігінің хабарлауынша 29-30 қаңтар күнгі Нью-Йорк фонд биржасында аменрикандық Tesla және Amazon компанияларының акцияларының бағасы күрт өсуінің нәтижесінде компания директорлары қомақты қаржыға кенелген.

Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Масктың байлығы компаниясының капиталы өсуінің арқасында 1 сағат ішінде 2,3 млрд долларға артты. Онда оның компанияның акциялары Нью-Йорк фонд биржасында бастапқы бағасынан 12 пайызға атрып 649 долларды құраған. Соның нәтижесінде Илон Масктың байлығы 36 млрд долларға жеткен.

Әлемдік интернет дүкендер желісі гиганты саналушы Amazon компаниясының акцияларының бағасы артуы есебінен жетекшісі Жефф Безос 15 минутта 13 млрд доллар долларға байып, оның жалпы қаржысы 129,5 млрд долларға жетті. Соңғы есептік қорытындыға байланысты компанияның 4 ширектік табысы 87,4 млрд доллар құрап, бір акциядан түскен пайда 6,47 долларға тең келген.