Илон Маск байқау жариялады. Жеңімпазға 100 млн доллар беріледі
Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск өзінің Twitter-дегі парақшасында жаңа байқау жариялады.Конкурстың шарты бойынша ол көмірқышқыл газын алу мен сақтаудың ең жақсы технологиясын ойлап тапқан адамға 100 миллион доллар төлеуге уәде берді.
«Мен көміртекті экстракциялаудың ең жақсы технологиясын ойлап тапқаны үшін сыйақы ретінде 100 миллион доллар инвестиция саламын», - деп жазды Маск. Ол сондай-ақ келесі аптада осы ұсынысты толық ашып жазуын да айтып өтен.
Көмірқышқыл газын алу және сақтау - бұл көмірқышқыл газын өндірістік және энергия көздерінен бөлуді және атмосферадан ұзақ уақыт оқшаулауды қамтитын процесс. Бұл процестің мақсаты - ғаламдық жылынумен және қоршаған ортаның ластануымен күресу.